Последнее обновление

(Время обновление 3 часа назад)
Алматыдағы автожуындар мен моншалар тексеріледі: Не себепті?

Алматы қаласында суды тұтыну мен канализация жүйелеріне қатысты жаппай тексеру басталды. Бұл шаралардың негізгі мақсаты – суды ұрлауды және тиімсіз пайдалануды анықтап, су ресурстарын үнемдеу.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының хабарлауынша, қаладағы су пайдалану саласында тәртіп орнату және ресурстарды есепке алуды жақсарту үшін қалалық инвентаризация аясында тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Тексерілетін нысандар

«Алматы Су» ШЖҚ МКК мамандары сумен жабдықтау және су бұру ережелерінің сақталуын тексеріп жатыр. Олар әсіресе, суды заңсыз пайдалану, есептегіштерге араласу және суды аз көрсету жағдайларына баса назар аударуда. Сонымен қатар, инженерлік желілердің техникалық жағдайы да бағалануда. Тексерістерді жеңілдету үшін қала арнайы учаскелерге бөлініп, мобильді топтар жұмыс істеуде.

Қауіпті аймақтағылар

Суды көп тұтынатын ірі нысандарға ерекше назар бөлінуде. Олардың қатарында автожуындар, моншалар, мейрамханалар, сауда орталықтары және өнеркәсіп орындары бар. Бұл ұйымдар үшін суды қайта пайдалану жүйелері мен жергілікті тазарту қондырғылары міндетті болып саналады.

Қандай бұзушылықтар анықталды?

Алғашқы апталардың қорытындысы бойынша 100-ден астам бұзушылық анықталды. Олар:

Заң бұзғандарға қатысты заңнамаға сәйкес шаралар қолданылады. Бұл тұтынылған суды қайта есептеуден бастап, қызмет көрсетуді шектеу немесе толық тоқтатуға дейін қамтиды.

Жыл басынан бері 29 автожуыш суды қайта айналымға енгізу жүйесін алғаш рет орнатса, тағы 78 нысан тұрмыстық тарифтерден коммерциялық тарифтерге ауыстырылды. Сонымен қатар, инженерлік желілерге 20-дан астам өз бетінше қосылу жағдайы анықталды.

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың шілдесінен бастап Қазақстанда жаңартылған Су кодексі күшіне енді. Ол табиғи ресурстарды анағұрлым ұтымды пайдалануды көздейді. Суды ең көп тұтынатын нысандармен жұмыс істеу негізгі бағыттардың бірі болып табылады.

Новости

Реклама