Последнее обновление

(Время обновление 8 минут назад)
Алматыдағы "барахолка" базарында дау: 300-ден астам саудагер контейнерін тастап кетуден бас тартты

Алматыдағы "барахолка" базарында дау туындады. 300-ден астам саудагерге нарықты жауып, аумақты босату туралы хабарлама келген. Алайда, кәсіпкерлер өз контейнерлерін тастап кетуден бас тартып, наразылық білдіруде.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ертеңгісін базардың қақпалары бекітіліп, саудагерлер өз тауарларын, соның ішінде киім мен аяқ киімдерін шығарып үлгермеген. Қазіргі таңда базар аумағына кіру мүмкін емес. Қоршаудағы баннерде базардың жұмысы тоқтатылып, демонтаж жұмыстары жүргізіліп жатқаны жазылған.

Кәсіпкерлердің наразылығы

Саудагерлердің айтуынша, бұл базардың орналасқан жері ыңғайлы және жал ақысы арзан болғандықтан, барлық саудагерлер үшін тиімді орын. Олар мұнда 25 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Әйелдер, ерлер және балалар киімі мен аяқ киімін сатады. Әркім өз жұмыс орнын сақтап қалуға тырысуда.

Кәсіпкерлердің сөзінше, бұл жерге сауда орталығын салу жоспарланған. Ал сатушыларға көрші нарыққа, палаткаларға көшу ұсынылған. Алайда, саудагерлер бұл ұсыныстан бас тартты.

«Бәріміздің ипотекамыз бар, балаларымыз бар, тамақ асырауымыз керек. Палаткада қалай тұрамыз? Бұл 90-жылдар ғой! Палаткада тұру мүмкін емес. Бұл ұсынысқа қарсымыз. Барлығымыз қарсымыз, иә?» - дейді кәсіпкер Наргиз Мамедова.

«Палаткада қалай сатамыз? Үстел қоямыз ба? Менде күртелер тұрған контейнер бар. Палаткаға қалай саламын? Бұл күлкілі ғой», - деп ашуланды Лариса Титова.

Әкімдіктің жауабы

Әкімдік өкілдері сатушылардың бұл жерде заңсыз сауда жасап отырғанын мәлімдеді. Олардың айтуынша, жал мерзімі сегіз жыл бұрын аяқталған. Учаске мемлекетке абаттандыру мақсатында берілген.

«Шын мәнінде, бұл учаскеде рұқсат құжаттары жоқ, санитарлық жағдайы нашар, өрт қауіпсіздігі талаптары бұзылған, бөлігі қойма ретінде пайдаланылатын заңсыз базар жұмыс істеп тұр. 2023 жылы учаске аудан әкімінің аппаратына абаттандыру үшін берілгеннен кейін, аумақты босату туралы жеке талап-арыз берілді. Құқықтық аяда жұмыс істеуге дайын болғандарға көрші базарлардан жеңілдік шарттарымен балама сауда орындары ұсынылады», - деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда шенеуніктер кәсіпкерлерге көрші базарлардан сауда орындарын ұсынып отыр. Алайда, бизнесмендер контейнерлерін тастап кетуге келіспейді. Олардың айтуынша, басқа базарларда жал ақысы тым қымбат. Кәсіпкерлер сотқа жүгінген.

Новости

Реклама