Последнее обновление

(Время обновление 20 минут назад)
Алтынай Жорабаева қызының тұрмысқа шығатынына қуанып, бақыт тіледі

Танымал әнші Алтынай Жорабаеваның қызы Айнара жақын күндері тұрмысқа шығады. Бұл қуанышты жаңалықты журналист Анна Данченко бөлісіп, әншінің өзі де растаған.

Журналист Анна Данченко: «Алтынай Жорабаеваның қызы тұрмысқа шықпақ. Жағымды жаңалықпен әншінің өзі бөлісті. Құтты болсын!» деп жазды.

Айнараға жігіті үйленуге ұсыныс жасап, бойжеткен оған «иә» деп жауап берген. Алтынай Жорабаева қызы мен болашақ күйеу баласына арнап: «Бақыттарың баянды болсын, жандарым. Алтындарым, балапандарым», — деп тілек білдірді.

Желі қолданушылары да бұл жаңалықты жылы қабылдап, жас жұбайларға бақыт тілеп, құттықтау лебіздерін жаудырып жатыр.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Новости

Реклама