Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
"Аманат етіп тапсырған еді": Мұстафа Өзтүріктің қызы әкесінің 22 жыл сақталған құпия мұрасын тапты

Атақты жекпе-жек шебері Мұстафа Өзтүріктің қызы Неслихан Өзтүрік әлеуметтік желідегі парақшасында көпшіліктің назарын аударған жазба бөлісті.

Бірнеше апта бұрын Алматыға арнайы келген Неслихан, әкесінің көзі тірісінде сеніп тапсырған азаматпен жолықты. Бұл – Қайыр Мейірбеков Сейсембекұлы.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әке аманаты

Неслиханның айтуынша, 2004 жылы анасы Қайыр ағаға әкесінің шапаны мен төлқұжатын аманат етіп тапсырған. 22 жыл бойы бұл заттарды қазынадай сақтап келген Қайыр Мейірбековке Неслихан шын жүректен алғыс білдірді.

Халқына табыстау ниеті

Неслихан Өзтүрік әкесінің шапаны мен төлқұжатын өзі үшін сақтамайтынын, керісінше, оны халқына, әсіресе, келесі ұрпаққа табыстағысы келетінін жеткізді. Ол бұл құнды естеліктерді Қазақстандағы бір музейге тапсырып, әкесінің рухын сезінуге мүмкіндік бергісі келеді.

Бұған дейін Неслихан Өзтүрік Алматыда әкесінің есімімен аталған көшеге барғанын жазған болатын.

Новости

Реклама