Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №9 Балауса балабақшасының тәрбиешісі
Алпысбаева Күміскүл Әбдіғаниқызы
Мектепалды даярлық тобы
«Ана біздің гүліміз»
Тәрбиеші: Құрметті аналар, апайлар, балабақша бүлдіршіндері! Баршаңызды көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған аналар мерекесімен құттықтаймыз!
Кім сендерді балалар сүйетұғын
Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын
Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай
Сендер үшін дамылсыз жүретұғын
- Ол кім?
Балалар:
- Ана
Бүгінгі «Ана біздің гүліміз» атты мерекелік ертеңгілігімізді ашып беру үшін сөзді балабақша меңгерушісі Ұ. Аширбекова апайға береміз.
Хор: «Әрқашан күн сөнбесін»
Тәрбиеші:
- Ал енді балалар бүгінгі аналарымыздың мерекесіне арнап жаттап келген тақпақтарымызды айтып берейік
Нұрдаулет:
Ақыл құйған санама
Күннен артық расында
Күн алыста, ал анам
Ылғи менің қасымда
Рамазан:
Ойнаймыз күлеміз
Жарқырап жүреміз
Ананы сыйлаймыз
Айтқанын тыңдаймыз
Аяулым:
Айналайын анашым
Асқар таудай панасың
Бір өзіңе арнаймын
Сөздерімді бар асыл
Әлішер:
Біз доспыз гүлдермен
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір-бірлеп
Аналарға сыйлаймыз
Хор: «Туған күніңмен»
Әли:
Шуақ төгіп күлімдейтін қарасам
Анашымды күнге ғана баласам
Жер бетінде ең жақыным өзіңсің
Мәпелейсің, аялайсың әрқашан
Нұрила:
Анам менің мұғалім
Бізге сабақ береді
Балалардың бәрі де
Оны жақсы көреді
Айдана:
Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз
Ұланды ана қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз
Рауана:
Еркелесем күлімдейтін
Ұрысқаны білінбейтін
Маңдайымнан иіскеп менің
Құлыншағым күнім дейтін
ән: «Қуыршағым» - Асқар Жанель
Мерей:
Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген апатайым
Сәлем жазып бүгін саған
Мейрамыңмен құттықтаймын
Гүлсезім:
Айналайын анашым
Көкте күн боп жанасың
Ет жүрегің елжіреп
Құшағыңа аласың
Дильназ:
Сыйлаған маған өмірді
Анашым менің аялы
Жүрегі жұмсақ көңілі
Күн шуақты саялы
Жанель:
Жан ана жарық күн жанарың
Бір сенде кеңдігі даланың
Балаңды құшақтап сүйгенде
Сеземін көктемнің самалын
Дәулет:
Асыға күтіп жүргенмін
Болар деп қашан мейрамың
Суретін салдым гүлдердің
Келеді соны сыйлағым
Ән: «Балалық шақ»- Жалғас Дильназ
Тәрбиешілер: «Ана туралы жыр»
Би: «Папури»
Ән: «Ақ мамам»- Қожахмет Нұрила, Бақыт Гүлсезім
Тәрбиеші:
Құрметті аналар, апайлар осымен бүгінгі мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды. Мерекелік лебіздерін білдіру үшін ата-аналарға сөз берсек.
Ана біздің гүліміз
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №9 Балауса балабақшасының тәрбиешісі
4 марта 2024 г.650 просмотров

#балабақша#аналар мерекесі#мерекелік сценарий
Рекомендуем
Казахстанец нашел старые доллары на чердаке: можно ли обменять и нужно ли сообщать властям
Житель Казахстана нашел на чердаке сумку с долларами старого образца. Можно ли их обменять и нужно ли сообщать властям? Ответы Нацбанка и Гражданского кодекса.
21 мин назад
Казахстан признали страной с самым большим снижением числа заключенных
Казахстан занял 103-е место в рейтинге заключенных на 100 тыс. населения, показав снижение среди постсоветских стран со 184 до 163. Подробности на infohub.kz
41 мин назад
Жара, грозы, ветер: прогноз погоды на 15 июля
Прогноз погоды на 15 июля: в Алматы до +35, в Абайской и ВКО до +41, грозы, ветер, высокая и чрезвычайная пожарная опасность во многих регионах Казахстана.
1 ч назад
← НазадИсточник: bilimdiler.kz

