- 14 янв. 2024 21:51
- 7795
Ана туралы 100 тақпақ (балабақша, мектеп)
8 наурыз аналар мерекесіне арналған тақпақтар, халықаралық әйелдер күніне арналған, Балабақшада балалар оқуға арналған тақпақтар. 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесі құтты болсын!
аналар күні, тақпақтар 8 наурызға, 8 наурызға арналған тақпақтар, өлеңдер, өлең жолдары, 8 наурызға арналған тақпақтар балабақшаға 3-4 жас, 8 наурыз тақпақтар балабақшада
Анашым менің анашым,
Мәпелеп өсірген сен едің .
Мейірімің қандай керемет!?
Анашым менің анашым.
Анашым аяулы адам сен едің,
Серігі болған біздердің .
Түн ұйқысын төрт бөлген,
Қамқоршы менің анашым.
Анашым асыл адам сен едің,
Біздерді бесігіңмен тербедің.
Аялаған біздерді
Ардақты анашым сен едің.
1.
Мәпелеп мені өсірген
Ризамын мен өзіңе.
Ана деген керемет,
Сыйлап өтем өмірде.
2.
Аялаған анашым,
Мәпелеген анашым.
Менің саған тілегім
Қартаймашы анашым
Анашым ғұмырлы болғанын
Ғасырлық өмірлі болғанын
Алланың сүйікті құлысын
Пенделік бойында болмады
Өзіндей сынақтан өтсемғой
Ақ батан көгеріп көктесем
3.
Теңдесі жоқ данасың
Арқа сүйер панасың
Еңбегіңді ақтаймын
Аман болшы анашым
4.
Менің әжем, бұл әже
Айтқан сөзі дәл әжем
Аман болса көреді
Қызығымды әлі әже
5.
Бәріңіз де анасың
Біз үшін күн боп жансың
Құтты болсын мейрамың
Құттықтаймын анашым
6.
Ақ сүтін берген анашым,
Ақылды менің данашым.
Өзіңдей жанды әлемнен,
Қайдан табамын анашым?!
Мейірім төккен баршаға
Онымен өмір қаншама?
Анасыз өмір бола ма,
Айтыңдаршы, баршаң да?
Алысқа кетсемде,
Сағынамын мен сені!
Әрқашан да жанымнан,
Табылатын менің анашым!
Ақ сүт берген балаңа
Күш - жігерін жұмсаған
Бұл өмірде жан ана
Тең келеді кім саған
7.
Еркелеттің асырадың
Мойыныңа асыламын
Аман болшы ардақты анам
Мен әрқашан қасыңдамын.
8.
Аспандағы айымсың
Бақытыма балаған
Құтты болсын мерекең
Айналайын жан анам.
9.
Ақ жаулықты әжемді
Ай жүзіне теңедім
Мейірімін таусылмас
Күн нұрына теңедім.
10.
Менің әжем, гүл әжем
Алтын әжем, күн әжем
Анам үшін мен үшін
Нағыз ана тілі әжем.
11.
Құтты болсын ақ анам
Сегізінші науырызың!
Қасымда бол әрқашан
Жансын жарық жұлдызың,
Тілейді бақыт бір саған
Әлпештеген ұл - қызың.
Жүрегімсің анашым
Неткен сұлу көздерін
Ана менің аяалы алақаным
Тәрбиледің мені анашым!
Еркелеттің мені анашым !
Ешкімнен кем түсірген жоқсын анашым !
Әр-бір жасаған қәтелігімді кешірдің ғой анашым!
Сендей ана менде бар болғанына қанамын!
Мың алғыс саған анашым!
12.
Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз
Аналардан тарайды
Біздің ана тіліміз.
13.
Бесіктерін әнімен
Тербетуде аналар
Жасай берсін сәнімен
Жер бетінде аналар.
14.
Мен анамды сүйемін,
Сөзің ойға түйемін.
Анашымды ардақтап,
Басымды оған иемін.
15.
Мейірімді жүрекпен,
Бөлісетін бақытты.
Ақ ниетпен шын тілек,
Ізгі істерді жақұтты
16.
Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай.
17.
Ардақты ана – аяулы ана қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.
Өміріме нәрін бердің ақ сүттің,
Кең құшағың – аясындай гүл бақтың.
18.
Мен өзің мен қайда болсам да біргемін,
Махаббатың жүрегімде жүр менің.
Күн нұрындай – жадырай бір күлгенің,
Қандай жақсы ортамызда жүргенің.