Последнее обновление

(Время обновление 1 минуту назад)
Ақбаянның туыстары онымен кездесе алмады: Журналист тергеудегі жаңалықтарды жариялады

Танымал журналист Жанат Жақсыбайқызы Атыраудағы жоғалған отбасы ісіне қатысты күдіктілердің бірі Ақбаян Мұқанғалиева туралы жаңа ақпаратты жариялады. Оқырман қауым арасында «Ақбаянды туыстары көрді ме, не дейді?» деген сұрақтар жиі қойылғанымен, оның жақындары әзірге онымен жүздесе алмаған.

Бұл жағдай тергеу құпиясына байланысты. Құзырлы органдар кездесуге рұқсат бермеген. Сонымен қатар, марқұм отбасының жақындары Ақбаянның балалар үйіндегі ұл-қыздарымен де кездесуге тырысқан, алайда заң талаптарына сәйкес бұл мүмкін болмады.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазіргі таңда Ақбаян Мұқанғалиева Алматы қаласындағы жүйке ауруларын зерттейтін ғылыми орталықта ем қабылдап жатыр. Журналистің айтуынша, бұл іске қатысты көптеген мән-жай әлі де жария етілмейді. Тергеу амалдары жалғасып жатқандықтан, толық ақпарат сот процесі барысында белгілі болады деп күтілуде.

Новости

Реклама