Последнее обновление

(Время обновление 2 часа назад)
АҚШ блогерынің Қазақстанға ресми шақыртусыз келгеніне қарамастан, Алматыда қошеметпен қарсы алынуы

Америкалық танымал саяхатшы блогер Camperghini (Коннор) Алматыда ерекше ықыласпен қарсы алынды. Бұл туралы Kazakh Tourism хабарлады.

Бұған дейін, сәуірдің 8-і күні блогер Қазақстанның Туризм және спорт министрлігі тарапынан ресми қарсы алу болмағанына наразылық білдірген болатын. Алайда, министрлік тарапынан блогерді елге ресми түрде шақырмағаны айтылды. Kazakh Tourism компаниясымен арадағы хат алмасулар нақты келісімге келмегендіктен тоқтатылған.

Кейінірек Алматыда блогерді Kazakh Tourism басқарма төрағасы қарсы алып, арнайы тур ұйымдастырылды. Ол Алматының тарихи орындарына, соның ішінде Вознесенский соборына, Шымбұлақ тау шаңғы курортына, Медеу мұз айдынына және Көк-Төбеге барды. Сапар барысында өңірдің этно-мәдени мұрасымен және туристік инфрақұрылымымен танысты. Алматыдан бөлек, Коннор облыстың танымал туристік бағыттарына да ат басын бұрды. Чарын шатқалына автокөлікпен саяхат жасады.

Camperghini әлемді аралау саяхаты үшін Lamborghini Urus автокөлігін кемперге айналдыру мақсатында үйін және мүлкін сатқан. Оның Instagram парақшасында 800 мыңнан астам жазылушысы бар.

Новости

Реклама