Последнее обновление

(Время обновление 2 месяца назад)
АҚШ – Ресейге Командор аралдары үшін 15 млрд доллар ұсынды: Мәскеу ашулы

АҚШ – Ресейге Командор аралдары үшін 15 млрд доллар ұсынды: Мәскеу ашулы

АҚШ пен Ресей арасында тағы бір геосаяси қақтығыс ошағы пайда болды. Бұл жолы – Беринг теңізіндегі Командор аралдары. АҚШ Қарулы күштерінің подполковнигі Джеффри Фриц Ресейге бұл архипелагты 15 миллиард долларға сатып алуды ұсынды. Ол мұндай мәміле АҚШ-тың Арктика аймағындағы қауіпсіздігін арттырады деп есептейді.

Командор аралдары – географиялық тұрғыдан маңызды аймақ. Олар Қытайдың суасты қайықтары жиі жүретін Тынық мұхит жолдарына жақын орналасқан. Фрицтің айтуынша, бұл аралдар Пентагон үшін әскери тұрғыдан стратегиялық артықшылық береді.

Алайда Ресей бұл ұсынысты бірден жоққа шығарды. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова бұны "қылмыстық әрекет" деп бағалады. Алайда ол Мәскеудің өзі 2005 жылы Қытайға бірнеше даулы шекаралық жер телімдерін тегін бергенін еске салған жоқ.

Саяси сарапшылардың айтуынша, АҚШ-тың мұндай ұсынысы – әдеттегі сауда келісімі емес, геосаяси ойынның бір бөлігі. Мәскеудің мұны эмоциялық әрі өткір қабылдауы да кездейсоқ емес. Арктика мен Тынық мұхитындағы бақылау үшін Батыс пен Ресей арасындағы бәсеке соңғы жылдары күшейе түсті.

You Might Also Like

Новости

Реклама