Ақтау қаласында жоғалған Наталья Бойкова есімді азаматша табылды. Бұл туралы жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлаймыз. Әйелдің өмірі мен денсаулығына еш қауіп жоқ екені белгілі болды.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Волонтерлардың хабарлауынша, Наталья Бойкованы жедел-іздестіру шаралары барысында және жергілікті тұрғынның берген ақпараты бойынша тапқан. Әйелдің жоғалған себептері мен мән-жайы анықталуда.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Наталья Бойкованы іздестіруге көмек сұраған хабарламалар тараған болатын. Ол 6 наурызда үйінен шығып, оралмаған. Сол күні туыстары оны іздеуге берген.


