tengrinews.kz
- 26 апр. 2026 21:00
- 28
Ақтауда медициналық колледж түлегінің өліміне қатысты тергеу қайта басталды
Ақтауда 24 жастағы медициналық колледж түлегі Маржан Сұлтанғалиеваның өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу қайта жандандырылды. Бұл туралы Lada.kz сайтына сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.
Қала прокуратурасы қыздың өліміне байланысты Ақтау қалалық полиция басқармасы тергеушісінің қылмыстық істі тоқтату туралы қаулысын күшін жойып, тергеуге бірқатар тапсырма берді. Бұл туралы жәбірленуші тараптың өкілі, Маңғыстау облыстық заңгерлер палатасының мүшесі Ажар Қартбай мәлімдеді.
Еске сала кетейік, Маржан Сұлтанғалиеваның денесі 1 қаңтарда Ақтаудағы пәтерлердің бірінен табылған болатын. Полиция бұл жағдайды суицид деп мәлімдеген еді. Алайда, марқұмның туыстары оның өз еркімен өмірден кетуі мүмкін еместігіне сенеді. Қыздың анасы тергеудің, соның ішінде медициналық сараптамалардың уақытылы жүргізілмегенін және көптеген сұрақтарға нақты жауап берілмей тұрып, істі асығыс жауып тастағанын айтқан.
-
Известная казахстанская певица Макпал Жунусова поделилась личной историей о том, как столкнулась с несправедливостью на заре своей творческой карьеры.
-
Authorities have revived the investigation into the death of 24-year-old Marzhan Sultangaliyeva, a medical college graduate found dead in Aktau.