ult.kz
- 11 июн. 2026 00:30
- 28
Арыстағы жол апаты: Екі жасар баланы топырақ астынан әрең тапты
Арыс қаласында болған жол апатынан кейін жантүршігерлік жайттар анықталды. Күдікті әйелдің бұрын мұғалім болғаны белгілі болды.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
«КТК» телеарнасының мәліметінше, қайғылы оқиға салдарынан бірнеше адам зардап шеккен. Марқұм әйелдің туыстары соққының өте қатты болғанын айтады.
«Соққының екпіні қатты болды. Келінім жол жиегіндегі қора жаққа ұшып кеткен. Оның екі жасар баласын топырақ астынан әрең алып шықтық. Көрші келініміздің бес жасар қызы көз жұмды. Өзі тағы бір баласымен ауруханада жатыр», – деді марқұмның туысы Ғани Айдаров.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, көлік тізгініндегі әйел апат кезінде мас күйде болған. Бұл ақпаратты құзырлы органдар тексеріп жатыр.
Қазіргі уақытта күдікті екі ай мерзімге қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасуда.