Photo: Валерій Волинський (https://www.pexels.com/@2158518894) / Pexels
- 09 мая 2026 10:31
- 24
Асанәлі Әшімовтің соңғы сәттері: Жары Бағдат Әшімова жұмбақты ашты
Қазақ кино өнерінің дара тұлғасы, марқұм Асанәлі Әшімовтің жары Бағдат Әшімова жолдасының өмірден озған сәті туралы тың деректерді бөлісті. Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бағдат Әшімованың айтуынша, Асанәлі Әшімов өмірден озғанша үш минут бұрын да белсенді болған. «Үш минут... Соңғы үш минутқа дейін сөйлеп отырды. «Белім ауырып тұр. Кеудеме ауруы беріп тұр, біраз жатайыншы» деді», - деп еске алды ол.
Жолдасының жағдайын сипаттай отырып, Бағдат Әшімова: «Жатқан соң, «басымды көтерші» деді, көтердім. «Тағы да көтерші» деді, көтердім. Болды... көзін жұма салды. Өзі де білмей қалды», - деп сөзін жалғады.
Ол жолдасының кенеттен кетіп қалатынын сезбегенін айтады. «Жасанды дем бердік, жүрегіне массаж жасадық. Бірақ... үш минутта кете барды», - деді Бағдат Әшімова.