Tengrinews.kz / Алихан Сариев
- 14 янв. 2026 19:01
- 18
Астана мен Алматыда қатты суық күтілуде
Алдағы күндері Астана мен Алматыда ауа райы күрт суытып, температура төмендейді. Синоптиктердің мәліметінше, 15-17 қаңтар аралығында екі қалада да аяз күшейеді.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Астанадағы ауа райы
15 қаңтарда Астанада ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде -25-27°C, күндіз -18-20°C. 16 қаңтарда түнде -26-28°C, күндіз -21-23°C. 17 қаңтарда түнде -28-30°C, күндіз -21-23°C болады.
Алматыдағы ауа райы
Алматыда 15 қаңтарда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде -4-6°C, күндіз 0,+2°C. 16 қаңтарда бұлтты, кейде қар жауып, түнде -8-10°C, күндіз -2-4°C. 17 қаңтарда бұлтты, кейде қар жауып, түнде -14-16°C, күндіз -8-10°C болады.
Қазақстанда 40 градусқа дейін аяз күтілуде
Синоптиктер Қазақстанның барлық өңірлерінде қатты суық болатынын ескертті. Күшті антициклонның әсерінен ауа температурасы күрт төмендейді.