
Фото: Infohub.kz
- 25 авг. 2025 13:39
- 21
Астанада автобус жол жиегінен шығып кетіп, апатқа ұшырады
Астанада автобус жол жиегінен шығып кетіп, апатқа ұшырады
Астанада автобус жол жиегінен шығып кетіп, 14 адам жарақат алды, деп хабарлайды Infohub.kz.
Астанада автобус апатқа ұшырады. Қала полициясының хабарлауынша, Mercedes маркалы қызметтік автобус Қабанбай батыр даңғылы бойында жол жиегінен шығып кеткен.
Полиция автобус жүргізушісі бұрылып жатқан кезде көлік рөліне ие бола алмай қалғанын мәлімдеді. Қаза тапқандар жоқ.
Астана қаласы денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жол апаты салдарынан 14 адам жедел жәрдем арқылы қалалық көпсалалы стационарларға, сондай-ақ Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығына жеткізілді.
«Қабылдау бөлімінде барлығы салалық мамандардың тексеруінен өтті. Бірнеше адам амбулаторлық емдеуге жіберілді, ал қалғаны қосымша тексеруден өтіп жатыр», – деп хабарлады басқарма.