Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
Астанада бейтаныс ер адам баланы зорлықпен сүйреп әкетті: тергеу басталды

Астанада бейтаныс ер адам баланы зорлықпен сүйреп әкетпек болды. Оқиға куәгерлердің араласуымен тоқтатылып, полиция шақырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиғаның мән-жайы

Әлеуметтік желіде Астана қаласының Алматы ауданында полиция қызметкерлері кәмелетке толмағанға қатысты зорлық әрекет жасауға оқталды деген күдікпен ер адамды ұстағаны туралы ақпарат тарады. Оқиға 5 маусымда №13 орта мектебінің маңында болған. Оқиға орнынан түсірілген видео желіде кеңінен тарады.

Видео авторының айтуынша, күдікті ер адам баланы (шамамен 9-11 жаста) алып, ескі шиналар жатқан қоқыс үйіндісіне қарай зорлықпен сүйрелеген. Абырой болғанда, жолда жүргендер оқиғаны уақытылы байқап, баланы бейтаныс адамның қолынан алып, полиция шақырған.

Полицияның мәлімдемесі

Астана полиция департаментінің мәліметінше, бұл факті бойынша 56 жастағы ер адам ұсталды.

«Қазіргі уақытта қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық қажетті процессуалдық іс-шаралар жүргізілуде», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Полицияның хабарлауынша, баланың заңды өкілі арыз беруден бас тартқан. Дегенмен, ведомствоның атап өтуінше, тексеру нәтижелері бойынша ер адамның әрекеттеріне заңда белгіленген тәртіппен құқықтық баға беріледі.

Новости

Реклама