
- 16 апр. 2025 08:20
- 21
Астанада келесі айдан бастап электр энергиясының тарифі қымбаттайды
Астанада мамыр айынан бастап елордада электр энергиясының бағасы көтеріледі. Жаңа өзгерістерге сәйкес, тариф орта есеппен киловатт-сағатына 7 теңгеге өседі. Ал тұрғындар үшін бұл көрсеткіш шамамен 2 теңгеге артады. Тиісті шешім қоғамдық тыңдаулардан кейін қабылданбақ.
Мамандардың айтуынша, бұл тек Астанада емес, жалпы ел көлеміндегі тенденция. Соңғы бір жылда коммуналдық қызметтердің құны күрт өскен. Әсіресе, суық су тарифі 88,8 пайызға қымбаттап, ең жоғары көрсеткішке жеткен. Одан кейін су бұру қызметі – 23,7%, орталық жылу – 19%, ал ыстық су мен электр жарығы 14 пайызға артқан. Газ және тұрмыстық қалдықтарды шығару қызметтері 11-13% шегінде көтерілген. Тіпті тұрғын үйді ұстау ақысы да 11% өскен.
Сарапшылар бағаның өсу себебін елдегі коммуналдық жүйелердің тозуымен байланыстырады. Олар бұл жағдайды «коммуналдық дағдарыстың» белгілерінің бірі ретінде бағалап отыр.