
Ortcom
- 15 мая 2025 17:47
- 26
Бердалы Ораз Ғабитұлы
Астанада Қазақстан-Қытай көлік форумы алғаш рет ұйымдастырылды
Астанада алғаш рет өтіп жатқан Қазақстан-Қытай көлік форумы елдегі көлік-логистика саласының дамуына тың серпін бермек. Іс-шараға Қытай мен Қазақстанның көлік, логистика, бизнес салаларындағы 300-ден астам өкіл қатысуда. Форум аясында B2B (бизнес-бизнеске) және G2B (мемлекет-бизнеске) форматындағы кездесулер өтуде.
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің мәліметінше, бұл форум алдағы уақытта дәстүрлі, жыл сайынғы алаңға айналады деген үміт бар.
Маңызды келісімдердің бірі ретінде SPG Циндао порттар тобы мен Қазақстанның Құрық порты арасында ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға қол қойылды. Құжатқа сәйкес, тараптар порт инфрақұрылымын дамыту, цифрландыру, экологиялық стандарттарды енгізу, кадр даярлау және басқару процестерін оңтайландыру бағытында бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты.
Сонымен қатар тәжірибе алмасу мақсатында екіжақты жұмыс сапарларын ұйымдастыру жоспарланып отыр.