Tengrinews.kz
- 12 мая 2026 09:30
- 158
Астанадағы жолдың бір бөлігі 10 күнге жабылады
Астанадағы С. Мұқанов көшесінің Баршын көшесінен Объездная тас жолына дейінгі аралығында 12 мамырдан бастап орташа жөндеу жұмыстары басталады. Осыған байланысты, 12-22 мамыр аралығында аталған жол учаскесінде көлік қозғалысы ішінара тоқтатылады.
Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жөндеу жұмыстары жүргізілетін аумақта уақытша жол белгілері мен нұсқаулар орнатылады. Әкімдік қала тұрғындары мен қонақтарын осы өзгерістерді ескеріп, қаланы аралау кезінде бағдарларын алдын ала жоспарлауға шақырды.