
- 11 мая 2025 21:18
- 26
Астанаға Абу-Дабидің Тақ мұрагері ресми сапармен келді
Астанаға Абу-Дабидің Тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл-Нахаян ресми сапармен келді. Бұл туралы Infohub.kz ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеп хабарлайды.
Сапар аясында Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы стратегиялық әріптестікті тереңдету мәселелері жоғары деңгейде талқыланбақ. БАӘ – Қазақстанның араб әлеміндегі басты сауда-экономикалық серіктестерінің бірі.
Тараптар тауар айналымын 1 миллиард АҚШ долларына дейін ұлғайту бойынша бірлескен қадамдар жасап келеді. Сапар екіжақты ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығаруға серпін береді деп күтілуде.