
- 01 июл. 2025 19:24
- 31
Атырауда бұрынғы әйелін жұмыс орнында өлтірген ер адам 15 жылға сотталды
Атырау облысында бұрынғы әйелін көпшіліктің көзінше өлтірген ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Қанды оқиға 2025 жылдың 27 наурызында Құлсары қаласында тіркелген. Бұл туралы облыстың мамандандырылған қылмыстық соты мәлімдеді.
Марқұм қалалық емханада заңгер болып жұмыс істеген. Сол күні ер адам емханаға келіп, әйелге пышақпен шабуыл жасаған. Қылмыс сол мекемеде қызметкерлердің көзінше жасалған.
Айыпталушы кінәсін тек жартылай мойындаған. Дегенмен, сот оны кінәлі деп танып, 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Бұдан бөлек, жәбірленуші тарапқа 15 миллион теңге моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді.
Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды. Әйелдер құқығы мен тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі тағы да күн тәртібіне шықты.