Последнее обновление

(Время обновление 6 минут назад)
Атырауда жоғалған отбасы ісі: Күдікті Ақбаян Мұқанғалиева туралы жаңа деректер

Атырауда жоғалған отбасы ісі бойынша күдікті ретінде танылған Ақбаян Мұқанғалиева туралы жаңа мәліметтер жарияланды. Бұл туралы белгілі журналист Жанат Жақсыбайқызы әлеуметтік желіде хабарлады.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Журналистің айтуынша, көпшіліктің сұранысына орай, Ақбаянның жақындары онымен кездесе алмаған. Тергеу құпиялылығына байланысты құзырлы органдар тарапынан кездесуге рұқсат берілмеген. Сонымен қатар, марқұм отбасының туыстары Ақбаянның балалар үйіндегі балаларымен кездесуге барғанымен, заң талаптарына сәйкес бұл мүмкін болмаған.

Ақбаян Мұқанғалиеваның қазіргі жағдайы

Қазіргі уақытта Ақбаян Мұқанғалиева Алматы қаласындағы жүйке ауруларын емдейтін орталықта ем қабылдап жатыр. Жанат Жақсыбайқызы бұл іс бойынша әлі де көптеген деректердің жарияланбай отырғанын, тергеу амалдары жалғасып жатқанын және істің толық мән-жайы сот процесінде анықталатынын атап өтті.

Новости

Реклама