Последнее обновление

(Время обновление 9 минут назад)
Атыраудағы отбасының қазасы: тергеуден жаңалық бар

Атырау облысында бір отбасының қаза табуына қатысты қылмыстық іс бойынша жаңа деректер белгілі болды. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлады.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Облыстық прокуратура өкілінің мәліметінше, тергеу барысында оқиғаға басқа адамдардың қатысы анықталмаған. Прокурор көмекшісі Жандар Болатбектің айтуынша, қылмыс күдікті мен жәбірленушілер оңаша қалған кезде, сыртқы араласусыз жасалған.

Сыртқы араласу жоқ

«Сыртқы күштердің ешқандай ықпалы жоқ. Барлық оқиға күдікті мен жәбірленушілер жеке қалған сәтте болды. Басқа тұлғалардың қатысы анықталған жоқ», – деді ол.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты екі және одан да көп адамды өлтіру, сондай-ақ жәбірленушілердің мүлкін иемдену деректері бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Новости

Реклама