Последнее обновление

(Время обновление 0 минуты назад)
Автоны мың теңгеге саттыңыз ба? Салықшылар неге алаңдайтынын түсіндірді

Көлік сатарда бағаны әдейі төмендетіп көрсету – салықтан жалтарғысы келетіндердің жиі қолданатын әдісі. Алайда, Мемлекеттік кірістер комитетінің мамандары бұл әрекеттің қандай салдарға әкеп соқтыратынын ескертті.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Неге бағаны төмендетуге болмайды?

Кейбір сатушылар көлігін немесе басқа да мүліктерін сатқанда, оның құнын 1-2 мың теңге деп көрсетіп жатады. Мұндай жағдайларда салық органдары сатушының өзі жауапты болады. Мәселен, сіз көлігіңізді мың теңгеге сатып, кейін арада бір апта өтпей жатып жаңа көлік сатып алсаңыз, ондағы ақшаның қайдан келгені туралы сұрақ туындайды.

«Сондықтан әрқашан мүліктеріңізді сатқанда нақты бағасын, сондай-ақ сатып алғандағы құнын көрсетуге кеңес береміз. Бұл болашақта туындайтын сұрақтардың алдын алады», - дейді Мемлекеттік кірістер комитетінің Төлемсіз кірістерді әкімшілендіру басқармасының басшысы Дина Құсайынова.

Салықтық салдары қандай?

Егер сіз көлікті мың теңгеге сатып, кейін оны 15 миллион теңгеге сатсаңыз, онда сіздің пайдаңыз 15 миллион теңге болып есептеледі (мың теңгені шегергенде). Бұл сомаға салық төлеуге тура келеді.

Естеріңізге сала кетейік, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі күшіне енді. Енді мүлік сатқанда жеке табыс салығын (ЖТС) төлемеу үшін оны 2 жылдан астам уақыт иелену қажет (бұрын 1 жыл болатын). Егер тұрғын үйді немесе басқа да меншікті бұл мерзімнен бұрын сатсаңыз, ЖТС төлейсіз.

Маңызды: егер мүлік сатудан алынған пайда сомасы 36 миллион теңгеден аспаса, онда 10 пайыз, ал бұл сомадан жоғары болса, салық мөлшері 15 пайыз болады.

Новости

Реклама