Последнее обновление

(Время обновление 2 месяца назад)
«Бағанашыл» балалар үйіндегі даудан кейін Алматы облысында кадрлық өзгерістер болды

Алматы облысындағы «Бағанашыл» балалар үйінде туындаған жанжалдан кейін бірқатар жоғары лауазымды шенеунік қызметінен босатылды. Kazinform дерегінше, отставкаға кеткендер қатарында облыс әкімінің орынбасары Болат Күренбеков, облыстық білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаева және ішкі саясат басқармасының басшысы Ерік Әбітов бар.

Бұған қоса, Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасарына қатаң сөгіс берілген. Бұл шешім өңірдегі балалар үйінде анықталған заңбұзушылықтар мен дауға байланысты қабылданғаны хабарланды.

 

You Might Also Like

Новости

Реклама