Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
Баян Мақсатқызы белгілі қаламгермен сот арқылы сөйлеспекші

Белгілі продюсер Баян Мақсатқызы өзін әлеуметтік желіде сынаған жазушы Серік Сыбанбайға жауап беріп, оның сөздерін сот арқылы дәлелдеуге мәжбүр болатынын айтты. Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жақында әлеуметтік желіде Серік Сыбанбайдың Баян Алагөзова (Мақсатқызы) туралы пікірі тарап, онда продюсерді қазақ тілділерді қорлағандай мәлімдеме жасады деп айыптаған болатын. Алайда, Баян Мақсатқызы Instagram парақшасында бірнеше жазба жариялап, мұндай сөздерді ешқашан айтпағанын, енді оны сотта дәлелдеуге тура келетінін мәлімдеді.

Ашулы жауап

Продюсер өзін қаралап, жала жапқысы келетіндердің көбейіп кеткеніне ашуын жасырмады. Ол өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып, ешқандай жақсылық жасай алмайтындардың өзгені сынауға тырысатынын жеткізді.

Ұлттық құндылықтар туралы

Сондай-ақ, Баян Мақсатқызы қазақ тілі мен ұлттық құндылықтарға қарсы деген айыптауларға да толық жауап берді. Ол қазіргі жастардың сүйіп тыңдайтын әндердің көбінің қазақ қыздары, отансүйгіштік, рух пен намыс туралы екенін айтып, мұндай әндерді кімдер шығарғанын еске салды. Оның айтуынша, бұл әндер 12 жыл бұрын жазылған және одан да басқа көптеген патриоттық туындылар бар.

Айта кетейік, Баян Мақсатқызы жақында Орталық стадионда өтетін концертіне дайындық үстінде.

Новости

Реклама