Photo: Ayazhan (https://www.pexels.com/@ayazhan-3173683) / Pexels
- 09 мая 2026 04:00
- 24
«Баяндай бір сіңлісі табылар»: Сауық Жақанованың жағдайы жұртшылықты толқытты
Елімізде Халық әртісі Меруерт Өтекешова мен диктор Сауық Жаханованың бүгінгі жағдайы қоғамда қызу талқыға түсті. Көпшілік халықтың сүйікті тұлғаларының мүшкіл халіне биліктің назар аудармағанына ашулы.
Бұған дейін Меруерт Өтекешованың баспанасыз қалғаны туралы ақпарат тараған еді. Бұл жаңалықты естіген Баян Алагөзова оған пәтер сыйлауға дайын екенін мәлімдеп, көпшіліктің қошеметіне ие болды. Кейіннен тележурналист Дана Нұржігіт осы жағдайға қатысты пікір білдіріп, Сауық Жаханованың да емделіп жатқанын, алайда ақылы ем қажет екенін айтты.
Бұл жағдайлар халықтың ашуын тудырып, әлеуметтік желілерде түрлі пікірлер жазылуда.
«Данажан кешеден бері көңіліміз босап… «Қыз Жібек» фильмінде Бекежанның Жібектің әкесіне айтқан сөзі бар емес пе? Сол сияқты Меруерт апамның да, Сауық апамның да жастары өтіп, елге қажетсіз шақтарында бастары босағада қалып қойды. Өте өкінішті! Бірақ бұлт артынан қашан да күн шығары анық. Кеше Баян сіңіліміз Меруерт апамның басын төрге шығарды, ендеше, Сауық апамның да Баяндай сіңілілері табылып, төрге шығатын күні де болар! Жақсы үмітпен тілеуін тілейік!» — деп жазды бір желі қолданушысы.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
-
В Казахстане внедряется новая система электронных паспортов здоровья, которая объединит медицинские данные всех граждан. Узнайте, как это повлияет на качество и доступность медицинской помощи.