Последнее обновление

(Время обновление 4 минуты назад)
«Балаларым, әйелім бар...»: Димаш Құдайбергеннің жеке өмірі туралы жауабы жұртты таңғалдырды

Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген жеке өмірі туралы қауесеттерге тосқауыл қойды. Instagram желісіндегі тікелей эфирде әнші өзі туралы айтылып жүрген әртүрлі әңгімелерге қатысты шындықты айтты.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Досы әрі әріптесі Расул Усмановпен бірге өткізген онлайн кездесу барысында Димашқа оқырмандардан жеке өміріне қатысты сұрақтар келіп түскен. Соның бірінде оның «қызы» туралы сұрақ қойылғанда, әншінің жауабы көпшілікті күлкіге қарық қылды.

Димаш: «Қызым бар екенін білсем, өзім де сұраймын»

Әнші бұл сұраққа әзілмен жауап беріп, «Қызымның атын қалай қойғанымды сұрап тұрсыз ба? Егер менің қызымды білсеңіздер, маған да айтып жіберіңіздерші, өзіме де қызық, оның қайдан пайда болғаны», – деді.

Димаш өзі туралы түрлі қауесеттердің жиі айтылатынын мойындады. Кейбір жанкүйерлер әншінің отбасы мен балалары бар деп ойласа, енді біреулері тіпті бірнеше әйелі бар деген сияқты жалған ақпараттар таратады екен.

«Менің балаларым, отбасым бар деп ойлайды»

«Неге екенін білмеймін, адамдар менің балаларым, отбасым бар деп ойлайды. Кейбірі тіпті бірнеше әйелім бар дейді», – деп ағынан жарылды әнші.

Димаш өзінің әлі үйленбегенін және бар уақытын шығармашылыққа арнап жүргенін атап өтті. «Күні бойы студияда жұмыс істеймін, концерттерге шығамын. Қазірдің өзінде студиядамыз, достар… Әзірге үйленген жоқпын», – деді ол.

Сонымен қатар, әнші болашақта отбасы құрса да, жеке өмірін көпшілікке жария еткісі келмейтінін жеткізді. Оның пікірінше, «бақыт тыныштықты жақсы көреді».

Новости

Реклама