Последнее обновление

(Время обновление 7 минут назад)
«Балапан» телеарнасының продюсері ер баланы зорлады деген ақпарат тарады

Атышулы «Балапан» телеарнасының бұрынғы продюсері жас баланы зорлады деген хабар елді дүрліктірді. Бұл туралы өзінің құрбаны болғанын айтқан Нұрғали Нұғман есімді азамат мәлімдеді.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Балалық шақтағы зорлық

Нұрғали Нұғманның айтуынша, ол бала кезінде «Балапан» арнасындағы жобаларға қатысып, көрерменге танымал болған. Өнерге келуіне туыстық байланыстағы ағасы себепкер болған. Сол кезде аталған азамат телеарнада продюсер қызметін атқарған.

Нұрғалидің сөзінше, түсірілім жұмыстары аяқталған соң, продюсер оны әдейі жұмыс кабинетіне шақырып, зорлық көрсеткен. Бұл оқиғаның салдарынан жігіт психологиялық тұрғыдан қатты зардап шеккен.

Қазіргі жағдайы

Қазіргі таңда Нұрғали Қытайда саудамен айналысып жүр. Ол бала кезінде болған оқиғаның өміріне ауыр әсер еткенін, тіпті өзіне қол жұмсау ойына дейін келгенін жасырмады.

Бүгінде ол бұл жайтты көпшілікке ашық айтуға бел буды. Әлеуметтік желілерде жұртшылық аталған продюсердің аты-жөнін жариялап, оның қазіргі орнын анықтауды талап етуде.

Бұл мәселеге қатысты ресми органдар мен «Балапан» телеарнасы тарапынан әзірге ешқандай пікір білдірілген жоқ.

Новости

Реклама