depositphotos.com/ haveseen
- 28 февр. 2026 02:30
- 25
Барселона туристер үшін салықты екі есеге көбейтеді
Еуропаның ең көп баратын қалаларының бірі – Барселонада туристік салықты екі есеге арттыру туралы шешім қабылданды. Жаңа мөлшерлемелер 2026 жылдың 1 сәуірінен бастап күшіне енеді. Бұл қаланы сапар кезіндегі міндетті төлемдер бойынша ең қымбат орындардың біріне айналдырады.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Салықтық өзгерістер
Жаңа ережелер 2027 жылдың 31 наурызына дейін қолданылады және қонақүйлерде немесе жалға алынған пәтерлерде тұратын туристерге қатысты болады.
Тәулігіне төленетін ең жоғары салық мөлшері 6,25 еуродан 12,5 еуроға дейін өседі. Нәтижесінде, қонақүйлерде тұратын туристер бұрынғы 5-7,5 еуроның орнына шамамен 10-15 еуро төлейтін болады. Төлемнің нақты сомасы қонақүйдің санатына байланысты болады.
Тек круиздік кемелермен келетін туристер үшін салық өзгеріссіз қалады, олар әлі де тәулігіне 6 еуро төлейді.
Неге өзгерістер енгізілді?
Басылымның хабарлауынша, Барселонада туристік салықты екі еселеудің басты себебі – қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуге көмектесу және туристер ағынын аздап тежеу.
Жыл сайын қаланы шамамен 15-16 миллион адам аралайды, бұл жергілікті тұрғындар үшін қиындықтар тудырады. Олар туристердің баспана бағасын көтеріп, тұрақты тұрудың орнына уақытша жалға алуды таңдайтынына шағымданады.
Жаңа заңға сәйкес, салықтан түскен табыстың төрттен бір бөлігі қаладағы тұрғын үй дағдарысын шешуге бағытталады. Қалған 75 пайызы Туризмді дамыту қорына жұмсалады.
Каталонияда туристер қанша шығындайды?
Басылымның есептеуінше, қонақүй бағасынан бөлек, Барселонадағы туристерге әр түнде жоғарылатылған салыққа байланысты қосымша ақша төлеуге тура келеді. Мысалы, қалада бір апта болатын төрт адамнан тұратын отбасы тек салықтарға шамамен 420 еуро қосымша жұмсай алады.