Последнее обновление

(Время обновление 2 недели назад)
Бас мүфтидің тойға қатысуына қатысты ҚМДБ түсініктеме берді

АЛМАТЫ, 11 маусым — Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының әнші Сәкен Майғазиевтің ұлы Әділеттің үйлену тойына қатысуы желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызды. Осыған байланысты ҚМДБ баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы әлеуметтік желіде ресми түсініктеме жариялады.

Ол ҚМДБ мен бас мүфтидің елдегі қоғамдық маңызды оқиғалардан еш уақытта тыс қалмайтынын атап өтті.

"Имамдар онсыз да қайғының бел ортасында жүреді. Бірақ оны ешкімге міндетсімейді. Бес бүлдіршіннің қазасына бәріміздің ет жүрегіміз езілді. Қос аяғынан айырылған қыздың тағдырына алаңдадық. Имамдар қоғам алдындағы міндетін жарияламай-ақ атқарып келеді", – деп жазды Қонарбайұлы Facebook парақшасында.

Оның айтуынша, өмір тек қаралы күндермен шектелмейді. Сондықтан бас мүфтидің тек азалы жиындарға ғана емес, қуанышты сәттерге де қатысып, бата беруі — дін басшысына тән табиғи іс.

You Might Also Like

Новости

Реклама