tengrinews.kz
- 16 апр. 2026 12:00
- 32
Батыс Қазақстанда мал ұрлаған ветеринарлар тобы ұсталды
Батыс Қазақстан облысында мал ұрлаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді. Бұл туралы өңір прокуратурасы хабарлады.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұйымдасқан топтың құрамында ветеринар дәрігерлер де болған. Олар ұзақ уақыт бойы ауыл шаруашылығы жануарларын ұрлап, оларды ақпараттық базалар арқылы заңдастырып, кейін сатқан.
Прокуратураның мәліметінше, топты анықтау және жолын кесу жұмыстарына прокуратура органдары қатысқан. Тергеу әрекеттері жүргізіліп, тиісті процессуалдық нұсқаулар берілген.
Барлық күдіктілер ұсталып, қамауға алынды. Олар тергеуге белсенді көмек көрсетуде. Сотқа дейінгі тергеу деректерінің өзге де мәліметтері жарияланбайды.