Tengrinews.kz / Маржан Куандыкова
- 01 мар. 2026 14:30
- 27
Бибисара Асаубаева: Шахматқа дайындыққа қанша қаржы кетеді?
Әлемдегі ең үздік шахматшылардың бірі, үш дүркін әлем чемпионы Бибисара Асаубаева жаттығу процесіне қанша қаражат жұмсалатынын ашық айтты. Оның айтуынша, шахмат тек қарапайым ойын емес, сонымен қатар қымбат спорт түрі.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жаттықтырушының қызметі қанша тұрады?
Бибисара Асаубаева жылына 6 рет, әрқайсысы 10 күннен жаттығу жиындарын өткізеді. Спортшының жеке жаттықтырушысының бір күндік қызметі 1000 еуроға бағаланады. Бұл шамамен 587,7 мың теңге.
«Шахмат әлемінен тыс жандар бұл спортты арзан деп ойлайды. Бізде теннис, гольф, бокс секілді үлкен жүлде қоры жоқ, бірақ шығындар өте жоғары. Менің жеке жаттықтырушым күніне 1000 еуро алады. Бұған ұшақ билеті, тұру шығындары кірмейді», - дейді Асаубаева.
Демек, тек жаттықтырушыға ғана жылына шамамен 60 мың еуро (35,2 миллион теңге) жұмсалады.
Командада 11 маман бар
Спортшының командасы 11 адамнан тұрады. Олардың қатарында негізгі жаттықтырушылар, спарринг-серіктестер, дебют, эндшпиль және миттельшпиль бойынша мамандар бар.
«Бәрі сіздің деңгейіңізге байланысты. Мен Турнирге қатысу құқығын алғандықтан, дайындық әлдеқайда күрделі болады. Қазір менің командамда 11 адам бар. Олардың әрқайсысы өз үлесін қосады, сондықтан шығындар қомақты болады», - деп түсіндірді шахматшы.
Айта кетейік, Бибисара Асаубаева блиц-шахматтан әлем чемпионатындағы жеңісі арқасында Турнирге қатысу мүмкіндігін иеленді. Бұл турнир 28 наурыз бен 16 сәуір аралығында өтеді. Турнирдің жеңімпазы классикалық шахматтан әлем чемпионы атағына таласатын болады.