Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
Білім күні тақпақтар - Білім менің ертеңім

Мектебің мынау, классың
Осында он жыл тұрасың.
Тарыдай болып кіресің
Таудай болып шығасың...

Соқ, соқ қоңырау
Сыңғырлайды қоңырау
Сылдырлайды қоңырау
Сыңғырлайды, сылдырлайды соңғы қоңырау!
Гүлдерге толы омырау,
Өмірде жоқ қой тоқырау.
Қимастық сезім оятып,
Соғылсын соңғы қоңырау.
Жыл он екі ай – үш жүз алпыс,
Бірде - бірі жатсынбасын ешкім де.
Үш жүз алпыс күннің бірі – білгенге – Білім күні!
Сенің де ойың өсті ме?!

 

Сәлем, саған мектебім,
Алғыстарым көп менің.
Оқу, білім, тәрбие
Ой санама еккенің.

Қуаныш бүгін – мереке,
Шуағын шашып тұр әлем.
Мектепке келген алғашқы,
Жан досым, саған мың сәлем.

Мектеп – қамқор анамыз
Оқып білім аламыз,
Өнерпаз боп өсетін
Біз оқушы боламыз!
Өмірімнің көктемін
Сенде өткіздім деп келдім,
Алтын ұя - мектебім!
Армандарым көп менің,
Атқарамын деп келдім,
Асыл – аннам мектебім

Биыл мен де мектепке
Біріншіге барамын.
Мақтанбаймын мен текке,
Дайын дәптер, қаламым.

Мектепке енді барамыз,
Біз оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.

Өсті міне бойымыз,
Өсті міне ойымыз.
Қуанышқа ортақпыз,
Құтты болсын тойымыз.
Білім керек бәріне

Білім керек бәріне,
Балалардың бәріне.
Білімі болмаса егер де,
Жолы болмас өмірде.
Білім керек әрқашан,
Өмір бой бәріне.
Сондықтан да балалар,
Білім алайық бәріміз.
Соның үшін балалар,
Білім керек бәріне.

Айналайын балғындар,
Алға бағыт алғындар
Ертең өсіп толындар,
Ел мақтаны болындар,
Орындалсын ойларың,
Құтты болсын тойларың

Мектепке алғаш барғанда
Ұстаздарды мақтаймын,
Сенімдерін ақтаймын.
Біздікіндей мектепті
Әлем шарлап таппаймын.

Сәлем беріп өтейін,
Биіктерге жетейін.
Алдыңызда өзімді
Таныстырып кетейін.

Мектеп, менің мектебім,
Ақылсыздан шеттедім.
Білімдімен дос болып,
Сенен аттап өтпедім.

Қару - жарақ – сабағым,
Қалам - парақ – садағым.
Жалқау менен наданды
Білімменен қададым.

Тақпағымды жаттаймын,
Сабағымды баптаймын.
Біздікіндей мектепті
Ешбір жерден таппаймын.

Таң қалдырып әлемді,
Айтайын мен өлеңді.
Қабыл алғын, жамағат,
Қызың берген сәлемді.

Күн көзімен таласқан,
Ай мен күнге жол ашқан.
Қазақ қызы мен болам,
Білімменен санасқан.

Есін допқа жеңдірген,
Бала емеспін сен білген.
Алтыға кеп, алып боп,
Біріншіге келдім мен.

Еркелік жоқ кешегі,
Оқушымын көшелі.
Білім алып бойыммен
Ойым да енді өседі.

Салтанаты бек керім,
Міне, сынып - мектебім.
Ұстаздарым аялы,
Достарым да көп менің.

Мен оқушы баламын –
Оқып, білім аламын.
Мектеп - ұям, өзіңе
Арналады бал әнім.

Бірінші қыркүйек күнімен.
Аңқыған жұпар гүлімен
Келіп ем, қарсы алар мектебім,
Сүйкімді қоңырау үнімен.

Отанның біз ұл - қызы
Халықтың біз жұлдызы.
Оқимыз ақын - жырларын,
Оқимыз еңбек сырларын.
Қоңырау сыңғырла, асыға
Үн қосқан қиядан асуға
Білім ал, еңбек ет жас ұлан
Өрле сен биiк шың басына.
Қоңырау үні сыңғырлап,
Естілді жылы жаныма
Күлкідей әсем сылдырлап
Бөбекті жиды маңына

Соғылсын қоңырау, соғылсын,
Сыңғырла мәңгілік сыңғырла.
Толқыған жүректер тоғысын
Толтырып бір арна, бір жырға.
Шаттықтың үніндей мәңгілік
Соғылсын қоңырау, соғылсын,
Қуаныш әніндей жаңғырып
Жүректер ақ нұрға соғылсын.

 

Кел балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық,
Оқысаңыз балалар
Шамнан шырақ жағылар,
Тілегенін алдынан
Іздемей – ақ табылар.

 

Шырылдаған тыным алмай,
Қоңыраудын үні қандай,
Мақсатына жетеме адам,
Оқу оқып білім алмай.

 

Қиындықтан өтуге,
Армандарға жетуге,
Білім алам ерінбей
Еліме қызмет етуге.
 
Білім менің ертеңім
Өсу үшін өркенім
Жүзем оқу айдынында
Жайып білім желкенін.

Балабақша есігін
Үшке тола ашқанбыз
Балапандай мәпелеп
Өсіруде бақшамыз.

Қыркүйектің бірінде
Кеудем толы дірілге
Құлақ түйем елеңдеп
«Бақша» бір күнге.

Білім алған өзіңмен
Дәрігер, ұшқыш, не ғалым
Саған ыстық сезіммен
Қарайды жұрт, мұғалім.

Ғылымның көп тас қамалы
Ғылымдықта асқарлы
Бар білімнің нұр бастауы
Балабақшадан басталды.

Өсті міне бойымыз
Өсті міне ойымыз
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойымыз.

 

 

Отанның біз ұл - қызы
Халықтың біз - жұлдызы
Оқимыз ақын – жырларын
Оқимыз еңбек сырларын.

Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді

Өсті міне бойымыз
Өсті міне ойымыз
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойымыз.

Отан ыстық ұямыз
Жүректе орын тұрады
Отан маған пәк ана
Мен Отанның ұланы.

Қуат алған өзінен
Туған елдің ұлымын
Бақытты етіп өсірген
Отанымның ұлымын.

Бақытты боп жүргенім
Сенің арқаң Қазақстан
Елім менің тірегім
Құшағыңда гүл ашам.

Кел - кел досым бақшаға
Естимісің үнімді
Сауат ашып тіл дамытып
Үйренейік білімді.

Риза етіп баршаны
Әсем әнге саламыз
Таудан биік талабы
Біз - сүйікті баламыз.

Балабақша базарлы үй
Ауылдағы ажарлы үй
Күлкісі бар шуақты
Өз үйіміз сияқты
Үйреттеді мектепте.

Бүкіл елде басталып бүгін жыры
Бақ қоңырау шақырар ұғымдын
Білім - ғылым бастауы мерекелі
Құтты болсын бүгінгі білім күні

Егемен елдің төсінде,
Шуағын шашқан арай күн
Азамат болып өсеміз
Қызыға әлем қарайтын.

Егемен елдің төсінде,
Шуағын шашқан арай күн
Азамат болып өсеміз
Қызыға әлем қарайтын.

Шайдай ашық бейбіт күннің аспаны
Ауламыздың келісіп тұр бар сәні
1 - қыркүйек - салтанатты мерекемен
Құттықтайды меңгеруші баршаны!

Білім күнін қарсы алдық

Әлемдегі барша жұрт,
Бас иеді білімге.
Білім күнін қарсы алып,
Қыркүйектің бірінде.

Білім күні, біл мұны –
Ойға сәуле шашады.
Баршамызға бұл күні,
Мектеп есік ашады.

Мектеп – ұя, құт қонған,
Білім нұры тараған.
Ұлағатты ұстаздан,
Сабақ алған бар адам.

Сергіп бойың, ой-санаң,
Үш ай жазда демалып.
Сен келесің қайтадан,
Мектебіңе оралып.

Құлпырады қыр гүлі,
Арайланып таң нұры.
Қауышады бұл күні,
Сыныптастың барлығы.

Ұлан болып үлгілі,
Әлі-ақ өсіп-толады:
Бүлдіршіндер бұл күні,
Мектепке алғаш барады.

Сайрап көңіл бұлбұлы,
Гүлге толып омырау.
Соғылады бұл күні,
Ең алғашқы қоңырау.

Туған Ана тілің де,
Қасиетті дінің де,
Көкейіңе ұялар,
Құштар болсаң білімге.

Өмірдің бейбіт бағы бұл,
Асудан асып асқарлы
Мінекей, биыл тағы бір
Жаңа оқу жылы басталды.

Сәлем, саған мектебім,
Алғыстарым көп менің.
Оқу, білім, тәрбие
Ой санама еккенің.

Қуаныш бүгін – мереке,
Шуағын шашып тұр әлем.
Мектепке келген алғашқы,
Жан досым, саған мың сәлем.

 

 

 


иыл мен де мектепке
Біріншіге барамын.
Мақтанбаймын мен текке,
Дайын дәптер, қаламым.

Мектепке енді барамыз,
Біз оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.

Өсті міне бойымыз,
Өсті міне ойымыз.
Қуанышқа ортақпыз,
Құтты болсын тойымыз.

Білім керек бәріне

ОҚО, Мақтарал ауданы, Игілік ауылы
"Т.Аубакиров атындағы ЖОМ"
2 "Ә" сынып оқушысы: Бекмуратова Ұлмекен Боташқызы
Сынып жетекшісі: Полатова Айгуль Жамантаевна


Білім керек бәріне,
Балалардың бәріне.
Білімі болмаса егер де,
Жолы болмас өмірде.
Білім керек әрқашан,
Өмір бой бәріне.
Сондықтан да балалар,
Білім алайық бәріміз.
Соның үшін балалар,
Білім керек бәріне.

Мектеп – қамқор анамыз
Оқып білім аламыз,
Өнерпаз боп өсетін
Біз оқушы боламыз!

Өмірімнің көктемін
Сенде өткіздім деп келдім,
Алтын ұя-мектебім!
Армандарым көп менің,
Атқарамын деп келдім,
Асыл – аннам мектебім


Айналайын балғындар,
Алға бағыт алғындар
Ертең өсіп толындар,
Ел мақтаны болындар,
Орындалсын ойларың,
Құтты болсын тойларың

Бірінші қыркүйек күнімен.
Аңқыған жұпар гүлімен
Келіп ем,қарсы алар мектебім,
Сүйкімді қоңырау үнімен..

Отанның біз ұл-қызы
Халықтың біз жұлдызы.
Оқимыз ақын-жырларын,
Оқимыз еңбек сырларын.

Қоңырау сыңғырла, асыға
Үн қосқан қиядан асуға
Білім ал, еңбек ет жас ұлан
Өрле сен биiк шың басына.
Қоңырау үні сыңғырлап,
Естілді жылы жаныма
Күлкідей әсем сылдырлап
Бөбекті жиды маңына

Соғылсын қоңырау, соғылсын,
Сыңғырла мәңгілік сыңғырла.
Толқыған жүректер тоғысын
Толтырып бір арна, бір жырға.
Шаттықтың үніндей мәңгілік
Соғылсын қоңырау, соғылсын,
Қуаныш әніндей жаңғырып
Жүректер ақ нұрға соғылсын.

Бүгін ерекше тебіреніс пен толғанысқа толы күн...Бүгін мектеп атты кеменің ескегін есіп көрген кез-келген пендені бей-жай қалдырмайтын ұлы мерке.. Бүгін алтын ұя мектебін бітіріп, бала шақтан болашаққа қанат қаққалы отырған, жүректері лүпіл қағып ,қимастық пен қуаныш,аңсау мен арман сезімдері араласқан жас түлектер үшін ең бір қымбат, ең бір қимас, ең бір ұмытылмас күн... Өзіңің уақытын аямай, өзгенің уақытын аялай білетін, өз шәкірттерін білім нәрімен сусындатудан талмайтын аяулы ұстаздардың бір жылдық еңбектерінің жемісіне куә болатын күн...Бүгін соңғы қоңырау!

Бір кездері шашымызға ақ бантик, мойнымызға көк галстукті тағып, әр қоңырау ұрылған сайын сыныптан жүгіріп шығып жүретін оқушылар едік. Енді бүгін соңғы қоңырау үнін сағынып отырған, жай ғана қатардағы адамдармыз...Қоңырау үнін қатты сағындым! Мектебімді, ұстаздарымды сағындым...

Қызыыыық! Біз адамдар өткенімізді неге сонша тез ұмытқыш келеді екенбіз!? Қазір ойлап қарасам, оқушылық өмірден еске түісіп отырғаны тек мына жыр шумақтары екен:

Мектебің мынау,классың
Осында он жыл тұрасың.
Тарыдай болып кіресің
Таудай болып шығасың...

Соқ,соқ қоңырау
Сыңғырлайды қоңырау
Сылдырлайды қоңырау
Сыңғырлайды,сылдырлайды соңғы қоңырау!

Гүлдерге толы омырау,
Өмірде жоқ қой тоқырау.
Қимастық сезім оятып,
Соғылсын соңғы қоңырау.

Жыл он екі ай – үш жүз алпыс,
Бірде - бірі жатсынбасын ешкім де.
Үш жүз алпыс күннің бірі – білгенге –
Білім күні!
Сенің де ойың өсті ме?!
 
Кітап білім туралы тақпақтар
 
Білім туралы тақпақ мұқағали мақатаев
 
Бастауыш білім туралы тақпақтар
 
Білім туралы тақпақ абай құнанбаев
 
Білім туралы тақпақ 4 шумақ
 
Білім туралы тақпақ 2 шумақ
 
Отан білім туралы тақпақтар
 
Білім туралы тақпақ балабақша
 
 
 
 
 
такпак 1 кыркуйек қазақша такпактар балаларга, 1 қыркүйек тақпақ, 1 қыркүйек білім күні тақпақ, 1 қыркүйек білім күні, 1 кыркуйек сентябрь билим куни
 
1 қыркүйек тақпақ, 1 қыркүйек білім күні тақпақ, 1 қыркүйек білім күні өлең, такпак 1 кыркуйек қазақша такпактар балаларга, Қазақша тақпақ: Бірінші 1 Қыркүйек - Білім күні (Алғашқы қоңырау), Қазақша тақпақ, Бірінші 1 Қыркүйек - Білім күні (Алғашқы қоңырау), Қазақша тақпақ: Бірінші 1 Қыркүйек, Білім күні (Алғашқы қоңырау), Казакша такпак 1 кыркуйек сентябрь билим куни на казахском, 1 сентября день знаний стихи на казахском языке, 1 сентября день знаний такпак на казахском, алгашкы конырау андер, алгашкы конырау олендер, алғашқы қоңырау өлең, алғашқы қоңырау туралы өлең, алғашқы қоңырау өлеңдері, 1 қыркүйек білім күніне арналған өлеңдер, 1 кыркуйек билим куни олен олендер, Білім керек бәріне, 1 қыркүйек білім күні, 1 кыркуйек сентябрь билим куни, 1 сентября день знаний стихи на казахском, алғашқы қоңырау, балабақша, мектеп, балабакша, бастауыш, балалар

You Might Also Like

Новости

Реклама