Последнее обновление

(Время обновление 3 часа назад)
Блогер Хасбиктің Toyota Camry көлігі ұрланды

Дагестандық танымал блогер Хасбулла Магомедовтің (Хасбик) Toyota Camry көлігі ұрланған. Бұл туралы Mash Telegram арнасы хабарлады. Оқиға Дагестанда болған.

Ақпаратқа сүйенсек, Ингушетия тұрғыны бірнеше күнге Хасбиктің көлігін жалға алған. Ол көлікті алып, үйіне қарай бет алған. Сонымен қатар, көліктің спутниктік навигациясын өшіріп, байланысқа шығудан бас тартқан.

Хасбулла Магомедов бірден полицияға арыз жазбай, үш күн күткен. Кейін әлеуметтік желіде көліктің ұрланғаны туралы жазба жариялап, көмек сұраған. Ингушетиядағы белсенді азаматтар алты сағат ішінде көлікті тауып, ұрыны ұстап, көлікті иесіне қайтарған.

Бұған дейін Хасбиктің Дагестанда көлік жалдау бизнесімен айналысатыны хабарланған болатын. Ол бірнеше қолданылған Toyota Camry көлігін сатып алып, оларды жалға беріп отырған.

Хасбулла Магомедов – 24 жастағы Махачкала тұрғыны. Бойының табиғи өсу гормонының жетіспеушілігінен 93 сантиметр болғанымен, ол "Клубника бомба, честно говоря" деген сөздерімен танымал болған.

Новости

Реклама