Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
Боливияда орталық банкке ақша тасымалдаған ұшақ құлап, 20 адам қаза тапты

Боливияда әскери ұшақ апатқа ұшырап, салдарынан 20 адам көз жұмды. Ұшақ орталық банкке арналған ақшаны тасымалдаған.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Елдің денсаулық сақтау министрі Марсела Флорес ұшақ апатынан қазіргі уақытта 20 адамның қаза тапқаны және шамамен 20 адамның жарақат алғаны расталғанын айтты. Ол зардап шеккендерге көмек ретінде қан тапсыруға шақырды.

Апаттың мән-жайы

Апатқа ұшыраған ұшақ Боливия әуе күштеріне тиесілі болған. Ол Эль-Альто қаласындағы халық көп жүретін тас жолға құлаған. Экипаждың сегіз мүшесінің алтауы аман қалса, біреуі хабарсыз кеткен.

Алғашқыда билік ұшақтың ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, жақын маңдағы көліктермен соқтығысқанын хабарлаған. Кейіннен қорғаныс министрлігі ұшақтың қону кезінде апатқа ұшырағанын мойындады.

Ақшаны жинауға тырысқан халық

Әуе кемесі елдің Орталық банкіне арналған ақшаны тасымалдаған. Апаттан кейін жергілікті тұрғындар ұшақтан шашылған ақшаны жинау үшін апат орнына ағылған. Бұл өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем қызметкерлерінің жұмысына кедергі келтірген.

Тұрғындарды тарату үшін полиция газ қолдануға мәжбүр болды. Алайда, олар қайта-қайта келе берген. Куәгерлердің айтуынша, ақшаны жинауға тырысқан 12 адам ұсталған.

Орталық банктің ұстанымы

Боливия Орталық банкі ақшаны ұрлағандарға оларды тапсыруды сұрады. Банк өкілдері ақша айналымға енгізілмегендіктен жарамсыз екенін түсіндірді. Орталық банк басшысы Давид Эспиноса ақшаның бәрі жойылатынын мәлімдеді.

Новости

Реклама