Последнее обновление

(Время обновление 3 недели назад)
Бұдан былай қоғамдық орын мен әлеуметтік желіде балағат сөз айтқан балалардың ата-анасы айыппұл төлейді

Енді қоғамдық орында бейәдеп сөз айтқан балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері заң алдында жауап береді. Бұл туралы Қылмыстық кодекстің 131-бабына және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес нақты жазылған.

Жалпы алғанда, көпшілік алдында ар-намысты қорлау, әсіресе әдепсіз түрде балағаттау — қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін. Мұндай әрекеттер үшін ересек азаматтар 100 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін айыппұл (393 200 теңге) немесе 120 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тартылуы мүмкін.

Ал қоғамдық орында жай ғана бейәдеп сөз айтқандар 20 АЕК (78 640 теңге) айыппұл төлейді немесе 5-тен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады. Қайталап жасалса — 30 тәулікке дейін қамалады.

Кәмелетке толмағандарға қатысты талаптар:

12 жасқа дейін — толық жауапкершілік ата-аналарда. Айыппұл 10-нан 15 АЕК-ке дейін (39 320 – 58 980 теңге);

14–16 жас аралығы — ата-аналар 7 АЕК (27 524 теңге) төлейді;

16–18 жас аралығы — жасөспірімнің өзі жауап береді. Егер жұмыс істемесе, ата-анасына 10 АЕК (39 320 теңге) айыппұл салынады.


Әлеуметтік желідегі балағаттау мен буллингке қатысты да жаза күшейтілді — 200 АЕК-ке дейін, яғни 786 400 теңгеге дейін айыппұл көзделген.

Полиция әр жағдайды жеке тергеп, куәгерлердің көрсетулері, бейне/аудио жазбалар мен лингвистикалық сараптамаларды дәлел ретінде қолданады.

You Might Also Like

Новости

Реклама