акимат Костанайской области
- 17 мая 2026 04:00
- 24
Бұрынғы ауыл шаруашылығы вице-министрі Қостанай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Бұрынғы ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков Қостанай облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы өңір әкімдігінің мәліметіне сүйенген Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ербол Тасжүреков 1979 жылы Тараз қаласында дүниеге келген. Ол экономист, заңгер, мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, мемлекеттік басқару және халықаралық қатынастар магистрі мамандықтары бойынша білім алған. Тараз мемлекеттік университетін, Х.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, сондай-ақ Францияның Ұлттық әкімшілік мектебін тәмамдаған.
Еңбек жолы
Тасжүрековтің еңбек жолы 1998 жылы «Қазнұр» ЖШС валюта айырбастау пунктінің менеджері қызметінен басталған. Кейіннен «Профиль-Lux» ЖШС директоры, Астана қаласы Алматы аудандық №2 сотында түрлі лауазымдарда, ҚР Өңірлік даму министрлігінде, ҚР Ұлттық экономика министрлігінде, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде басшылық қызметтер атқарған.
2018-2019 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болған. Одан кейін «Ұлттық басқарушы холдинг «ҚазАгро» АҚ басқарушы директоры – басқарма мүшесі қызметін атқарды. 2023 жылдан 2026 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі болып жұмыс істеді.