Последнее обновление

(Время обновление 2 недели назад)
Бұрынғы судья Светлана Жолмановаға қатысты іс сотқа жіберілді

Бас прокуратура бұрынғы судья Светлана Жолмановаға қатысты қылмыстық істің сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғанын хабарлады. Тергеу мәліметтері бойынша, Жолманова 2021 жылдан 2024 жылға дейін азаматтардың 1 миллиард теңгеден астам қаражатын алаяқтық жолмен иемденген. Ол жылжымайтын мүлік сатып алуға және тендерлік жобаларға қатысуға көмектесемін деп уәде беріп, азаматтарды алдаған.

Тергеп-тексеру барысында алаяқтықтың 48 эпизоды анықталып, олар бір іске біріктірілді. Алматы қаласы Медеу аудандық сотының бұрынғы судьясы Жолманова 2024 жылдың қазан айында қамауға алынған болатын.

Новости

Реклама