Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
Coca-Cola компаниясы Қазақстандағы жалған сусындарға қатысты шағым түсірді

Әлемге танымал Coca-Cola компаниясы Қазақстанда өз брендімен сатылып жатқан сапасыз сусындарға қатысты ресми шағым түсірді. Бұл туралы компания Әділет министрлігіне хабарлаған.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Шымкент қаласындағы нарықтарда белгілі бренд атымен сатылған күмәнді сусындар анықталды. Әділет министрлігінің мәліметінше, Coca-Cola компаниясының өзі бұл жағдайға байланысты шағымданғаннан кейін тексеру басталған.

Жалған өнімдер анықталды

Министрлік хабарламасында: «Қалалық нарықтарда Coca-Cola брендімен жалған өнімдер сатылғаны анықталды. Тексеру жүргізуге негіз болған – құқық иеленуші The Coca-Cola Company компаниясының ресми өтініші. Онда компания өздерінің айрықша құқықтарының бұзылғанын және қала сауда сөрелерінде күмәнді шығыс тегі бар өнімдердің пайда болғанын мәлімдеген», - делінген.

Іс сотқа жетті

Анықталған фактілер бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 158-бабы («Басқа тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, тауар шыққан жерінің атауын немесе бірдей тауарлар мен қызметтер үшін ұқсас белгілерді заңсыз пайдалану») бойынша әкімшілік іс қозғалды. Іс материалдары сотқа жіберілді.

Ведомство жалған өнімдердің брендтерге зиян келтіріп қана қоймай, денсаулыққа да қауіп төндіретінін атап өтті. Мұндай сусындар көбіне санитарлық талаптар сақталмаған жағдайда дайындалады.

Қазақстандық кәсіпкерлерге жалған өнімдерді сатқаны үшін заң бойынша жауап беретіні ескертілді. Мұндай рейдтер енді тұрақты түрде өткізілетін болады.

Новости

Реклама