Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы
Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы
Тәрбие сағаты 9 сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды зиянды әдеттермен таныстыра отырып, оның адам ағзасына зияны туралы түсінік беру;
Дамытушылық: Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеген әлдеқайда тиімдірек екендігін ұғындыру, дене тәрбиесіне, салауаттылыққа дағдыландыру. Сонымен қатар, есте сақтау қабілетін дамытып, өмірге деген қызығушылығын, өзін қоршаған ортаға деген жақсы көзқарасын қалыптастыру.
Тәрбиелілік: «Бірінші байлық – денсаулық» деген ұғымды кеңінен түсіндіре отырып, салауатты өмір салтын насихаттау. Оқушыларға денсаулықтың қадірін түсіндіріп, оны сақтауға, түрлі аурулардың алдын ала білуге үйрету. Зиянды әдеттерді зияны туралы айта отырып, одан бойын аулақ ұстауға тәрбиелеу
Мұғалімнің сөзі:
Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата - аналар! Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі – салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі.
Салауатты өмір сүру дегеніміз не дейтін болсақ, ол – әлеуметтік өмірді жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы тамақтану, зиянды нәрселерден аулақ болу. Ал зиянды әрекеттер дегеніміз, қазіргі таңда етек алған, заманымыздың кеселді дерттері – шылым шегу, маскүнемдік, нашақорлық. Осындай зиянды әдеттердің алдын - алу мақсатында АББ № келген қатынас хатына байланысты 9 - сынып оқушыларымен өткізіліп отырған «Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
1 - жүргізуші:
«Денсаулық - әлеуметтік байлықтың негізі», «Бірінші байлық - денсаулық» дегендей денсаулықтан артық байлық жоқ. Осы қымбатта та асыл байлығымызды қалай сақтауымыз керек? Міне, құрметті ұстаздар, оқушылар, біз бүгін осы аталған мәселелер төңірегінде біраз сөз қозғамақпыз. Олай болса «Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы» атты ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
1 - жүргізуші:
Әр адам өз денсаулығын сақтай білу үшін тазалық сақтап, спортпен шұғылданып, денсаулыққа кері әсерін тигізетін зиянды әдеттерден аулақ болуы керек. Денсаулықтың достары мен денсаулықтың жаулары дегеніміз не екен? Осыны білу үшін оқушыларымыздың білімдері, өз ойларын ортаға салуы арқылы «Денсаулық
әлеміне» саяхат жасаймыз.
Осыған байланысты келесідей бейнебаянға назар аударыңыздар!
«Тазалық – денсаулық кепілі» бейнебаяны көрсетіледі.
1 - жүргізуші:
Қазақстан – демократиялы – құқықтық және әлеуметтік мемлекет. Оның қазынасы – адам және адамның өмірі. «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасында Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл - ауқатын жақсарту үлкен міндеттердің бірі ретінде көрсетілген.
Қазіргі таңда есірткіні пайдалану және тазалықтың сақталуынан ғасыр дерті болып отырған СПИД ауруы бүкіл дүние жүзіне тарап, СПИД індетін тудырып отыр. ВИЧ инфекциясы адамда жүре пайда болатын иммунотапшылық тудыратын синдром. 2002 жылғы тексеру бойынша СПИД эпидемиясының таралғаны соншалық, жұқтырғандар саны 42 млн. Оның ішінде 3, 8 млн.
Оқушылардың шығармашылығын тыңдап көрелік!
Ғазиза:
Жаңа ғасыр, жаңа заман бүгін,
Біз тілейміз ұрпақтың амандығын.
Абылай:
Ей, болашақ!
Саулығың өз қолыңда,
Жауламасын тәніңді у, санаңды мұң.
Назерке:
Нашақорлық - жайылған індет, білем,
Жоймай оны жақсылық күн жоқ, білем.
Давран:
Жерде жатқан шылымды,
Шошқа келіп иіскеді,
Иіскеді,
Бірақ, тиіспеді.
Әлия:
Жерде жатқан шылымды,
Есек келіп иіскеді,
Иіскеді,
Бірақ, тиіспеді.
Абзал:
Жерде жатқан шылымды,
Ит те келіп иіскеді,
Иіскеді,
Бірақ, тиіспеді.
Ғазиза:
Сол шылымды алайда,
Тауып алды Балғабек.
Алақ - жұлақ етеді,
- Сіріңкеңіз бар ма?- деп.
Назерке:
Кім мұндайды естіпті,
Есірткі жұртты есіртті.
Иіскеген жастардың,
Жан - тәнін түгел кесіпті.
Сақ болайық, ағайын,
Қатерлі жау – есірткі.
Барлығы:
Ұланымыз туған еліміздің,
Нашақорлық жойылсын!- өктем үнім.
Салауатты өмірдің әнін тыңдап,
Арманымыз ұшып жүр көкте бүгін.
«Есірткі» туралы видео көрсету
1 - жүргізуші:
СПИД ауруы жер бетіндегі адамдардың басына түскен үлкен қатерлі кесел. Қазіргі таңда СПИД – тің алдын алу және оны болдырмаудың бірден - бір шарасы бұл ауру туралы әрбір адам мағлұмат, білім болу керек. Егер білім болса, адам өзін - өзі қорғану, сақтану шараларын пайдаланып, бұл аруға қарсы күресу іс - шараларына қатысады. Осы тұрғыда көрініске назар аударалық!
Көрініс: «Нашақорлыққа қарсы күрес»
(Сахнаға басы салбырап, мұңды жас жігіт шығады)
1 - жүргізуші:
Ей, жас жігіт,
Жан едің сен гүл жүзді,
Солып қапсың,
Тынышыңды кім бұзды?
Жігіт:
Өмір қатал,
Көңіліңе қарай ма?
Душар болдым қайғыға,
Енді арылу оңай ма?
1 - жүргізуші:
Не деп кеттің?
Қандай қайғы айтқаның?
Қане отыр да
Түсіндіріп бәрін айт.
Жігіт:
Ізгілікті зұлымдыққа талаттым,
Денсаулықтың барлық алтын - асылын.
Пенделіктің орманында тонаттым,
Жастайымнан құлы болдым, қайтейін,
Наша менен арақтың.
Көрдей қара тұман жапқан көңілін,
Наша үшін қиған жастай өмірін.
Ең сорлы жан мен боламын,
Ең соңғы жан мен болайын, тәңірім.
Жамбыл облысы,
Мойынқұм ауданы, А. Назарбеков ауылы,
«Ә. Молдағұлова атындағы негізгі орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Исатаева Арайлым Белқожақызы
Толық нұсқасын жүктеу