
Ашық дереккөз
- 28 мар. 2025 09:36
- 123
Депутат Қазақстанда жыныс ауыстыруға тыйым салуды ұсынды
Мәжіліс депутаттары жыныс ауыстыруға заң жүзінде тыйым салу бастамасын көтерді. Бұл мәселе бойынша депутат Магеррам Магеррамов Үкімет басшысына сауал жолдап, жыныс ауыстыру рұқсатын қайта қарау қажеттігін айтты.
Қазіргі заңнамаға сәйкес, 21 жасқа толған, психикалық мінез-құлқында ақауы жоқ азаматтарға жынысын ауыстыруға рұқсат етілген. Алайда депутаттың пікірінше, "жыныстық сәйкестендіру бұзылысы" ұғымының өзі белгілі бір психологиялық ауытқудың барын білдіреді. Сондықтан дені сау адамға гормоналды немесе хирургиялық өзгеріс жасау – медициналық тұрғыдан ақтауға келмейді.
Мәжілісмен келесі сұрақтарға жауап беруді талап етті:
- "Дені сау ұлт" ұлттық жобасын жыныс ауыстыруға рұқсат беру арқылы қалай жүзеге асырасыз?
- Мінез-құлқында немесе психикасында бұзылулар бар адамдарға неге хирургиялық ем жасалады?
- Қанша жыныс ауыстыру отасы жасалды? Оның ішінде кері өзгертуге өтініш білдіргендер саны қанша?
- Қазіргі уақытта жыныс ауыстыруға қанша адам өтініш берді?
- Мұндай операциялар ұлттық денсаулыққа қандай әсер етеді?
Қазақстанның Коммунистік партиясы (ҚКП) фракциясы жыныс ауыстыруға рұқсат беретін заңнама өзгергенге дейін, бұл процедураға толық тыйым салуды талап етті.