Күрт өскеннен кейін АҚШ валютасы Қазақстандағы сауда-саттықта және айырбас пункттерінде күрт төмендеді, деп хабарлайды Qumash.kz.
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 7,45 теңгеге төмендеп, 468,88 теңге деңгейіне жетті. Елдің айырбас пункттерінде АҚШ валютасы орта есеппен 467–475 теңгеден сатылуда. Еске сала кетейік, бұған дейін доллар сауда-саттықта 9 теңгеге қымбаттаған еді.


