ашық дереккөз
- 02 мар. 2026 12:01
- 24
Дубайдағы Fairmont The Palm резиденциясына Иран зымыраны тиді ме? Қазақстандықтардың 96 пәтері бар екені анықталды
Дубайдағы атақты Fairmont The Palm резиденциясына Иран зымыраны түскен деген хабарламалар елді шулатты. Алайда, бұл жаңалықтың астарында тағы бір елең етерлік жайт бар болып шықты: аталған ғимаратта қазақстандықтарға тиесілі 96 пәтер бар екені анықталды.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстандықтардың Дубайдағы игілігі
Журналист Манас Қайыртайдың зерттеуі бойынша, Fairmont The Palm резиденциясының бір бөлігі қонақүй ретінде жұмыс істесе, қалған екі блогы тұрғын үй кешені ретінде сатылған. Оның айтуынша, 2022 жылғы C4ADS ұйымының деректеріне сүйенсек, қазақстандықтар бұл резиденциядан 97 пәтер сатып алған.
Қызығы сол, бұл пәтерлерді сатып алғандардың арасында бұрын билікте лауазымды қызмет атқарған тұлғалардың туыстары да бар көрінеді. Журналист тіпті Fairmont The Palm резиденциясынан пәтер алған қазақстандықтардың тізімін жариялағанын айтты.
Ресми жауап күтілуде
Айта кетейік, Дубайдағы аталған кешен аумағына зымыран түскені туралы ақпарат әзірге ресми түрде расталмаған. Тиісті органдар бұл жайтқа қатысты әлі нақты түсініктеме берген жоқ.