Tengrinews.kz / Турар Казангапов
- 27 апр. 2026 05:00
- 22
Елена Рыбакина маусым көшбасшысы атанды: ерлер арасындағы әлемнің бірінші ракеткасын басып озды
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 2026 жылғы маусымдағы жеңістер саны бойынша әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнерді басып озды. Бұл туралы Tengri Sport ақпарат агенттігі хабарлайды.
WTA және ATP турларындағы теннисшілер арасында Рыбакина биылғы маусымда 27 жеңіспен көш бастап тұр. Ол әлемдік рейтингте 36-шы орында тұрған қытайлық Чжэн Циньвэньді 4:6, 6:4, 6:3 есебімен жеңіп, Мадридтегі "мыңдық" турнирінің 1/8 финалына шықты.
Елена Рыбакинаның бұл көрсеткіші ерлер арасындағы әлемнің бірінші ракеткасы, италиялық Янник Синнерден асып түсті. Синнердің еншісінде 26 жеңіс бар.
Мадридтегі турнирдің 1/8 финалында Рыбакина Анастасия Потапова (Австрия) мен Елена Остапенко (Латвия) арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.