Последнее обновление

(Время обновление 3 часа назад)
Енді азаматтар көлік нөмірін еркін таңдай алады

Енді азаматтар көлік нөмірін еркін таңдай алады

Қаңтардың 5-нен бастап заматтардың мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін (МТНБ) еркін таңдауға мүмкіндік алады.

Халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап кез келген қажетті цифрлық және әріптік белгілермен МТНБ-ны еркін таңдауды көздейтін нормалар қолданысқа енгізілді.

ҚР ІІМ ӘПК-нің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Арай Төлегенқызының айтуынша, 5 қаңтардан бастап азаматтар МТНБ-ны арнайы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы таңдай алады. Оның сөзіне сай, кез келген қажетті әріптік және цифрлық белгілері бар МТНБ құны 10 АЕК және 15 АЕК мөлшерінде болады (жоғары сұранысқа ие МТНБ-ны қоспағанда).

Бұған дейін Әкімшілік полиция комитеті 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап цифрлар мен әріптердің кез келген комбинациясын толықтай өзіңіз таңдауға болатынын хабарлаған.

Мысалы, 123AZA01, 321ERA02, 069ARA03 сияқты комбинацияларды таңдауға мүмкіндік бар.

“Элита” сериялардан бөлек, бірдей цифрлар және (немесе) әріптік белгілеулері бірдей нұсқаларды таңдауға болады.

Материалда бұл қызметтің құны 10 АЕК, яғни 43 250 теңге болатыны да көрсетілген.

Жаңа тәртіп Polisia.kz мәліметіне сәйкес енгізіліп отыр.

Қызметтер арнайы мамандандырылған ХҚКО арқылы көрсетіледі.

Новости

Реклама