Photo: Ayazhan (https://www.pexels.com/@ayazhan-3173683) / Pexels
- 01 мая 2026 13:30
- 24
"Енді концерт бермеймін": Роза Әлқожа ұйымдастырушыларға көңілі толмайтынын жеткізді
Танымал әнші Роза Әлқожа Шымкентте өткізген жеке кешінен еш пайда таппағанын айтып, ұйымдастырушыларға ренішін білдірді. Бұл туралы Ozgeris.info сайты хабарлады.
Қазіргі таңда әнші Қытайдың Гуанчжоу қаласында жүр. Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында Шымкенттегі концертінің қаржылық жағынан тиімсіз болғанын, бұған ұйымдастырушылардың жауапты екенін айтты.
"Шымкенттегі концерттен бір тиын пайда жоқ. Бұған дейін де Қызылорда мен Ақтөбеде Дастан деген жігіт концерт ұйымдастырып, 3,5 миллион теңге қарызын әлі күнге дейін өтемегені бар", - деп ағынан жарылды әнші.
Концерттен пайда таппайтынын айтты
Әншінің айтуынша, сахнада өнер көрсетіп, халықпен жұмыс істейтін – өзі, ал пайдасын көретін – ұйымдастырушылар. Осындай жағдайларға байланысты Роза Әлқожа алдағы уақытта концерт беруден бас тартуы мүмкін екенін жеткізді.
"Мен өліп-өшіп халықтың алдына шығамын, ән саламын, елге жауап беремін. Бірақ пайдасын ұйымдастырушылар көреді. Олар "анаған кетті, мынаған кетті" деп сылтау айтады. Еңбегімді ешкім бағаламайды. Бұдан кейін концерт бермеймін-ау!", - деді әнші.