Photo: Pixabay (https://www.pexels.com/@pixabay) / Pexels
- 02 мар. 2026 02:00
- 25
Енді қоқыс тастағандарды әкімдіктер жазалайды
Енді қоқыс тастаған немесе қоғамдық орындарды ластаған азаматтарды полиция емес, жергілікті әкімдіктер жазалайтын болады. Бұл туралы «Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» заңның жаңа нормасы бүгін, 1 наурызда күшіне енді.
Бұған дейін мұндай бұзушылықтар үшін тек полиция қызметкерлері ғана айыппұл сала алатын еді. Жаңа заң бойынша, Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен барлық облыстардың жергілікті атқарушы органдарына Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 434-2 және 505-баптары бойынша әкімшілік хаттама толтыру құқығы берілді.
Бұл өзгеріс қоқысты рұқсат етілмеген жерге тастау, жасыл желектерді бүлдіру, қала инфрақұрылымын зақымдау сияқты құқық бұзушылықтарға жедел әрі тиімді әрекет етуге мүмкіндік береді деп күтілуде. Бұл туралы ҚР Экология министрлігі хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, тек өткен жылы осындай құқық бұзушылықтар үшін 591 мыңнан астам адам жауапқа тартылған. Оның ішінде 189 мыңнан астамы қоғамдық орындарды ластағаны үшін, ал 403 мыңнан астамы абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін жазаланған. Жалпы, салынған айыппұлдардың сомасы 5,2 млрд теңгені құрады.