Ердоған палестиналықтарға жақтасу керегін жеткізді.
 

"Израиль палестиналықтарды басынбас үшін біз өте күшті болуымыз керек. Қарабақ пен Ливиямен қалай әрекет етсек, Израильмен де солай істей аламыз”, – деді Ердоған.


 
Түркия президентінің мәлімдемесіне Израиль Сыртқы істер министрлігі жауап берді. Олардың сөзінше, Ердоған Израильге шабуыл жасаса, Ирак басшысы Саддам Хусейннің тағдырын қайталауы мүмкін.