Последнее обновление

(Время обновление 4 минуты назад)
Еркеш Хасен бұрынғы жары туралы: «Баламның алдында абыройымды сақтағым келеді»

Әнші Еркеш Хасен өзіне қатысты соңғы кезде айтылып жүрген әңгімелерге қатысты алғаш рет пікір білдірді. Ол ұзақ уақыт бойы үнсіз қалу себебін түсіндіріп, қызының болашағы мен психологиялық жағдайын алға тартты.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қызымның алдында абыройымды сақтау үшін

Әншінің айтуынша, оған қатысты айтылған сөздердің көбі шындыққа жанаспайды. Алайда, ең ауыр тигені – қызы туралы айтылған пікірлер. «Ертең қызым өсіп, әкесінің камера алдында біреулермен айтысып, жылап отырғанын көрмеуі керек. Мен оның алдында абыройымды сақтап қалғым келеді», – деді Еркеш Хасен.

Бұрынғы жарына неге тіл тигізбейді?

Сондай-ақ, Еркеш Хасен бұрынғы жұбайы туралы да ашық айтты. Оның сөзінше, ажырасқаннан кейін де баласының анасына тіл тигізіп, жеке өмірдегі мәселелерді көпшілікке жариялауды дұрыс көрмеген. «Біз бірге тек қиындық емес, жақсы күндерді де өткіздік. Сондықтан өткен өмірімді жоққа шығарып, баламның анасы туралы жағымсыз пікір айтқым келмейді. Ол көтере алмайтын ауыр сөздерді айтудан да саналы түрде бас тарттым», – деп мәлімдеді әнші.

Әнші отбасы мәселесін қоғам алдында талқылау ешкімге пайда әкелмейтінін айтып, қандай жағдайда да қызының мүддесін бәрінен жоғары қоятынын жеткізді. Оның пікірінше, нағыз ер азамат ашумен емес, сабырмен әрекет етуі керек.

Новости

Реклама